PDF

Кілтті сөздер

діни бірегейлік
ислам
қазақ
ұлттық феномен

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Затов, Қ., & Адайхан, А. (2024). ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БІРЕГЕЙЛІГІН САҚТАУДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ РӨЛІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(04), 5–14. https://doi.org/10.63727/ris202444-1

Аңдатпа

Бүгінде «бірегейлік» кең қолданыстағы ұғымдардың бірі. Соның ішінде діни бірегейлік ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда маңызды феномен болып саналады. Мақалада қазақ халқының этникалық бірегейлігін сақтаудағы ислам дінінің рөлі көрсетіледі.

Шығу тегі бір, тарихы мен тілі ұқсас, сондай-ақ бір-біріне географиялық жақын орналасқан мемлекеттердің діни сенімі ортақ немесе ұқсас болып келеді. Орта Азияны мекендеген түркі тілдес халықтар арасында ислам дінінің кең таралуы осыны айғақтайды. Қазақ ұлтының әдет-ғұрыптар жүйесі де діни құндылықтармен ұштасқан. Қатаң климаттық аймақты мекендейтін ұлт үшін бірігіп өмір сүрудің маңызы зор. Ислам діні де ынтымақ пен ауызбіршілікке үндейді.

Өткен ғасырдағы отарлау саясаты қазақ халқын көпұлтты және көпконфессиялы елге айналдырды. Сондай-ақ тарихи, саяси үрдістер ұлттық және діни құндылықтар жүйесіне өзгерістер енгізді.

Қазақ халқының этникалық болмысын қалпына келтіру мақсатында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба зайырлы мемлекетте толеранттылық бағытты негізге ала отырып, ұлттық сана мен діни феноменнің қайта өрлеуін көздейді.

https://doi.org/10.63727/ris202444-1
PDF