PDF

Кілтті сөздер

эволюциялық психология
нейробиология
когнитивті дінтану
когнитивті зерттеулер
эволюционизм

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Затов , Қ. ., Тологон , Ж., & Ишмаханов , Ж. . (2024). ҚАЗІРГІ ДІНТАНУДАҒЫ КОГНИТИВТІ БАҒЫТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(04), 96–106. https://doi.org/10.63727/ris202444-10

Аңдатпа

Мақалада қазіргі дінтанудағы тың бағыттардың бірі – дінді когнитивті ғылымдардың соңғы жетістігі тұрғысынан зерттеудің маңызды мәселелері қарастырылады. Эволюциялық психология мен нейробиологиядағы ашылған жаңалықтар мен зерттеу тәсілдерінің дінтанудың зерттеу объектісі мен пәнін жаңаша пайымдауға, дінтанудағы парадигмалы өзгерістерге ықпалы ашылады.  Мақалада когнитивті дінтануда ерекше танылған П. Буайенің минимальді контринтуитивті ұғымдар теориясы, Э.Т. Лоусон мен Р. Макколидің ритуалдық формалар теориясы, Х. Уайтхаустың діндарлық модустар теориясы және агенттілікті анықтаудың гиперсенситивті механизмі туралы гипотезалар (Дж. Барретт) қарастырылады.

https://doi.org/10.63727/ris202444-10
PDF