PDF

Кілтті сөздер

меншік
әділеттілік
меншік институты
христиандық
ислам

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Альмухаметов A. ., Затов K. ., & Мелисова B. . (2024). МҮЛІК ҚҰҚЫҒЫ ИНСТИТУТЫН ХРИСТИАН ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІНДЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(04), 118–135. https://doi.org/10.63727/ris202444-12

Аңдатпа

Мақалада екі әлемдік діннің меншік доктринасына салыстырмалы теологиялық талдау  жасалған. Тақырыптың өзектілігі айқын, өйткені әлемдік діндер арасында қарсыласу күшейіп, аз болса да диалог пен өзара түсіністік  орнатуға үлес қоса алатын ғылыми жұмыстардың қажеттілігі артып келеді. Меншік қатынасы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық сипатта болады. Меншік иелері шектеулі ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға қатысқан кезде  әлеуметтік-экономикалық және меншік қатынасы пайда болады. Осы себепті меншік қатынасын қалыптастыру мен дамытудың және заманауи қоғамдағы институциялық реттеу механизмдерін құрудың маңызы зор. Мақалада осы мәселені зерттеуге арналған түрлі теориялық және әдіснамалық көзқарастар қарастырылады. Меншік доктриналары жүйелі, салыстырмалы талданады. Меншік мәселесінің қалыптасуы мен дамуын зерделеу христиандық және исламдық санада меншік пен байлыққа қатысты құндылықтардың себебін, көзін және ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.63727/ris202444-12
PDF