PDF

Кілтті сөздер

қасиетті мәтіндер
тілдік қақтығыс
дискурсивті талдау
салыстырмалы талдау

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Арайлым, Ә. (2025). ҚАСИЕТТІ МӘТІНДЕР ТАРИХЫНДАҒЫ ТІЛДІК ҚАҚТЫҒЫС КӨРІНІСІНЕ ДИСКУРСИВТІ ТАЛДАУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(05). https://doi.org/10.63727/ris202551-13

Аңдатпа

Берілген зерттеу қасиетті мәтіндердің тарихи даму барысындағы тілдік қақтығыстың сипатын және олардың әлеуметтік-мәдени контекстегі рөлін анықтауға бағытталған. Қасиетті мәтіндердің лингвистикалық ерекшелігін дискурсивті талдау арқылы олардағы тілдік қақтығыс түрлерін, себептерін және салдарын анықтау жұмыстың мақсаты ретінде қарастырылады.

Зерттеудің негізгі бағыттары. қасиетті мәтіндердегі көптілділік пен полисемияның рөлі; мәтіндердегі идеологиялық қақтығыстың тілдік көріністері; түрлі діни конфессиялар мәтіндеріндегі тілдік ерекшелікті салыстырмалы талдау тақырыбында өрбиді. Зерттеу нәтижелері қасиетті мәтіндердің лингвистикалық және мәдени тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ заманауи дінаралық қатынастағы тілдік мәселелерді шешуге ықпал етеді. Зерттеуде салыстырмалы-тарихи, дискурсивті және лингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында қасиетті мәтіндердегі тілдік қақтығыстың негізгі себептері, олардың тарихи даму барысындағы өзгерістері анықталды. Сондай- ақ мәтіндердегі тілдік құралдардың идеологиялық мақсатта қолданылуының ерекшелігі анықталды. Зерттеу қасиетті мәтіндерді зерттеу саласына жаңа көзқарастар ашып, осы бағыттағы болашақ зерттеулерге негіз бола алады. Зерттеу нәтижелері дінтану, лингвистика және мәдениеттану саласындағы мамандар, сондай-ақ дінаралық диалогты дамытуға қызығушылық танытатын жалпы ізденімпаз оқырман қауым үшін пайдалы болмақ.

https://doi.org/10.63727/ris202551-13
PDF