Аңдатпа
Зерттеу жұмысы жалпы түрде фиқһи келіспеушіліктің ақиқатына, оның бөліктеріне, табиғатына және себептеріне тоқталып, фиқһ ғалымдарының көзқарасы бойынша келіспеушіліктердің мәнін түсіндіреді. Олар негізді келіспеушілік және негізсіз келіспеушілік, шариғи мәтіндерді түсінуде фиқһи келіспеушіліктердің орын алуы илаһи қалау және илаһи нығмет екенін нақтылайды. Сонымен қатар зерттеу жұмысы фиқһи келіспеушіліктердің туындау себептерін төмендегі жағдайларға байланысты зерттейді. Мысалы, шариғи мәтіннің табиғаты, адамның немесе мекеннің және уақыттық әртүрлілік сипаты. Сондай-ақ фиқһтық келіспеушіліктерді қалай шешуге болатынын түсіндіреді және келіспеушімен қарым- қатынас жасаудың этикалық аспектілерін ұсынады: ғұламалар туралы жақсы ойлау, келіспеушіге кеңес беру және онымен жақсы диалог жүргізу, келіспеушімен сыпайы болу және оны айыптамау. Төмендегі аспектілерде ұсынылған фиқһтық келіспеушіліктерді реттеу әдіснамасы бойынша келесі көзқарасты ұсынады: Біріншіден, фиқһ келіспеушілігіне көңіл бөлу. Екіншіден, кейбір тармақтарында келіспеушіге еліктеу. Үшіншіден, мінез-құлықтарды түзету. Төртіншіден, даулы мәселелерде теріске шығармау. Зерттеу жұмысы фиқһтық келіспеушіліктердің билеушінің үкімімен байланысты көбеюі жағдайына мысалдар келтірумен аяқталады. Зерттеуге жетпіс бес ғылыми дереккөз және сілтемелер пайдаланылды.

