Кілтті сөздер

жаңа діни қозғалыстар
сенім жүйесі
миссионерлік қызмет
институционалдық құрылым
діни қауымдастық
дінтанулық талдау

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Дүйсенбаева , А., & Дәулет, П. (2026). ЖАҢА ДІНИ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ДІНТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(9). https://doi.org/10.63727/ris202691-11

Аңдатпа

. Бұл мақалада жаңа діни қозғалыстардың қызмет ету ерекшеліктері дінтанулық талдаудың нысаны ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - жаңа діни қозғалыстардың пайда болу алғышарттарын, институционалдық құрылымын, қызмет ету формаларын және сенім қалыптастыруға бағытталған қызмет түрлерін ғылыми тұрғыда талдау. Зерттеу барысында сипаттамалық, салыстырмалы және құрылымдық-функционалдық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері жаңа діни қозғалыстардың қызметі миссионерлік, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және ақпараттық бағыттар арқылы жүзеге асатынын көрсетеді. Сенім жүйесін қалыптастыруда ұйымдық иерархия, ішкі тәртіп және әлеуметтік өзара әрекеттестік маңызды рөл атқаратыны анықталды. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану қозғалыстардың қызмет аясын кеңейтіп, сенімдік идеяларды тарату мүмкіндіктерін арттыратыны негізделді. Мақалада жаңа діни қозғалыстарды типологиялық тұрғыдан жіктеудің негізгі ғылыми ұстанымдары жүйеленіп, олардың қазіргі діни кеңістіктегі орны дінтанулық тұрғыда айқындалады. Алынған қорытындылар жаңа діни қозғалыстардың қызмет ету ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсіндіруге және дінтанулық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негізін тереңдетуге мүмкіндік береді.

https://doi.org/10.63727/ris202691-11