Аңдатпа
Қазіргі әлемдегі елдердің көпшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғандықтан, әлем қазір халықаралық ұйымдар дәуірінде өмір сүріп жатыр. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты – жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейде бейбітшілікті сақтау.
Сондықтан дініне, нәсіліне, түр-әлпетіне, жынысына, тілдік ерекшеліктеріне, белгілі бір мемлекеттің яки бір елдің азаматтық құқықтарына қарамастан, барлық адамдар достық, тең және бейбіт қарым-қатынастарды сақтау керек. Бұл бейбіт өмір сүрудің жалпы концепциясы әрбір азаматтың егемендігін айқындайды.
Бұл концепцияны жаңа деп айтуға болады, бірақ Ислам мемлекетінде, кейбір кедергілерге қарамастан, адамдардың түрлі секталарына, дініне, түсіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, теңдік пен әділетті өмір сүрген алтын дәуірде жүзеге асырылғанын мойындау керек. Оған дәлел – сол уақыттағы заң мәтіндері мен сол кездегі болған жағдайлар.
Соның нәтижесінде бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен бірлік орнады. Бейбіт өмір сүрусіз адамдар мен мемлекеттер арасында болатын қайшылықтар, бытыраңқылық пен азаматтық соғыс сөзсіз зардап әкеледі. Өкінішке қарай, біз Судан, Пәкістан, Йемен және басқа да мұсылман мемлекеттерінде орын алып жатқан жағдайды көреміз.
Сондықтан мұсылман мемлекеттері бейбіт өмір мен даму үшін бейбіт өмір сүрудің алғашқы исламдық үлгісін қалпына келтіруге өте мұқтаж.


