Кілтті сөздер

фудули, мүлік иесі, ислам шариғаты, мәзһаб, келісім, әрекет

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мухитдинов Рашид Сражович, & Abzhalov Sultanmurat Uteshovitch. (2024). ИСЛАМ ШАРИҒАТЫНДАҒЫ «ФУДУЛИ» ҰҒЫМЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(02). алынды https://www.journal.nmu.edu.kz/index.php/ris/article/view/41

Аңдатпа

Ислам шариғаты адамдар арасындағы сан алуан қарым-қатынасқа, алыс-берістерге аса мән береді. Бұл мақсатта осы қарым-қатынасты реттеп, олардың әрекеттерінің шариғат талабына сай болуын зерттеп, тиісті діни ұстанымдарды, үкімдерді баяндап, үкімдер шығарып отырады. Адамдар арасындағы байланыс, келісімдер екі тарап арасында орын алғаны секілді үшінші тараптың араласуымен де іске асу жағдайлары өмірде кездеседі. Сондай істердің бірі фудули әрекеттері. Фудули біреудің атынан оның хабарынсыз әрекет жасаушы. Бұл мақалада осы фудули әрекеттерінің шариғат таразысындағы заңдык күшінің бар не жоқтығы талданады, мәзһабтар арасындағы пікір қайшылықтары салыстырылып, әр мәзһабтан дәлел, дәйек келтіріліп, уәждеріне талдау жасалады. Фудули әрекеттерінің шарғи себебі анықталып, одан туындайтын құқық, мүлікке ие болу секілді заңды салдарына зерттеулер жүргізіледі.