Аңдатпа
Құран Кәрім Алла тағаланың пайғамбары Мұхаммедке, пайғамбарлар-дың соңғысына түсірген қасиетті кітабы. Әлбетте, бұл кітап адамзатқа жол көрсетуші, бірақ ол сонымен қатар мұғжиза. Мұғжиза Құранның барлық сын-тегеурінге жауап бере алатынын білдіреді. Осыған байланысты Құранның мұғжизалық қырлары әртүрлі: ше-шендік мұғжиза, ғылыми мұғжиза, заңнамалық мұғжиза, экономикалық мұғжиза, сандық мұғжиза және басқалары. Бірақ бұлардың барлығына қарамастан Құран өзінің Алла тағала қойған мақсаты мен аясынан шықпайды. Құранның басты және ұлы мақсаты адамзатты тура жолға бағыттау. Бұл ұлы мақсат-та адамның дүние мен ақыреттегі ең үлкен пайдасы бар. Осыдан көрініп тұрғандай, Құран-ның ең маңызды мақсатының бірі адамзаттың игілігін қамтамасыз ету. Алайда адамзат-тың Құранның мақсатын түсінуі әртүрлі болды. Кейбірі мүлде түсінбеді және елемеді, енді бірі түсініп, шектен шықты, ал үшіншілері орта жолды ұстанып, ниеті түзу болды. Бұл қарапайым зерттеу «мақсаттық тәпсір» тақырыбын қарастырады және оны жан-жақты талдайды, ешкімге асығыс үкім шығармай, Құран мәтіндерін түсінудегі ортақ және әділ жолды іздейді.

