Аңдатпа
Бұл мақалада мысырлық ойшыл Насыр Абу Зайдтың Құранды түсіндірудегі рационал тәсілі және оның мұсылман әлеміндегі заманауи діни әрі интеллектуалдық үдерістерге әсері қарастырылады. Әсіресе мұндай интерпретациялық үлгілердің Қазақстандағы исламдық өрлеу жағдайында енгізілу қауіпі сарапталады. Автор Абу Зайд тәсілінің әдіснамалық негіздерін матуриди ақидасы мен ханафи фиқһымен салыстыра отырып, тұрақты теологиялық дәстүр болмаған жағдайда либералды түсіндірмелердің ықтимал салдарын анықтайды. Мақалада исламдық білім беру саласында дәстүрлі діни негіздерді сақтаудың және қазіргі герменевтикалық концепцияларға ғылыми тұрғыдан сын көзбен қараудың маңыздылығы атап өтіледі.


