PDF

Кілтті сөздер

Таяу Шығыс
гендерлік қатынастар
әйел құқықтары
Vision 2030

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Кагазбекова , С. . (2025). ТАЯУ ШЫҒЫС КОНТЕКСІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛІ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(7), 184–199. https://doi.org/10.63727/ris202573-14

Аңдатпа

Бұл мақалада Таяу Шығыс елдеріндегі гендерлік қатынастардың ерекшеліктері, құқықтық, мәдени және институционалдық деңгейдегі өзгерістер, БҰҰ, Бүкіләлемдік Банк және UNESCO деректері негізінде статистикалық көрсеткіштер талданды. Таяу шығыстың сегіз мемлекеті бойынша 2024 жылдың көрсеткіштері бойынша салыстырмалы талдау жасалып, анализденді. Осы елдердегі білім алу, еңбек нарығына қастысу, ұлттық парламенттегі әйелдер үлесі зерттелді. Сонымен қатар, Сауд Арабиясындағы «Vision 2030» бағдарламалық саясатының гендерлік қатынастарға ықпалы мен өзгерістер және кедергілер талданды. Зерттеу нәтижелері Таяу Шығыс елдерінде гендерлік реформалардың оң серпінін бергенімен, толыққанды теңдікке жету үшін институционалдық және әлеуметтік деңгейде қосымша шаралардың қажет екенін айқындайды. Таяу Шығыс елдерінде гендерлік теңсіздіктің құқықтық және мәдени шектеулері әлі де сақталуда: отбасылық құқықтағы ерлер үстемдігі, жалақы айырмашылығы, басқарушылық лауазымдарда әйелдердің жеткіліксіз өкілдігі.

https://doi.org/10.63727/ris202573-14
PDF