PDF

Кілтті сөздер

Ар ілімі
ұждан
құдай
дін
жан
жүрек
ғылым
діни жаһандану

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сулейменов , П., & Серік , Ж. (2024). ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «АР ІЛІМІ» КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 2(02), 139–150. алынды https://www.journal.nmu.edu.kz/index.php/ris/article/view/88

Аңдатпа

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының басты тақырыбы – «Ар ілімі» концепциясына көңіл бөлінеді. Жұмыстың мақсаты – Ар ілімін дінтану тұрғысынан талдап, оның қалыптасуы мен көріну формаларын және дінтану ғылымындағы алар орны мен діннің ар ілімін қалыптастырудағы маңызды қырларын қарастыру. Сонымен қатар ислам ойшылы болғанына қарамастан Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен қызметі шығыс пен батыс, ислам мен христиан арасындағы мәдениетаралық пен діни және рухани келісімнің жақсы үлгісі бола алатындығы, сондай-ақ Шәкәрім үшін ар ілімінің бүкіл адамзат үшін ең басты ғылым болуының себебі түсіндіріледі. Ар ілімінің осындай маңызын ескере отырып, оның бүгінгі таңдағы діни жаңару мен дінаралық диалогтарға байланысты әр қоғам мүшесінің рухани таным түсінігін дұрыс қалыптастыру мен өркениетті адам қалыптастырудағы рөлі анықталады.

PDF