Аңдатпа
Бұл мақалада Кердер аймағының бірқатар ғалымдары, олардың арасында фиқх (исламдық құқықтану) бойынша «Фатауаи Баззазия» кітабымен танымал ғалым Хафизуддин Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Шихаб ибн Юсуф ибн Умар ибн Ахмад әл-Баззази әл-Кердери бар). Мақаланың басында бұл тақырыптың тарихнамасы мен дереккөздері жан-жақты зерттеледі. Олардың ішінде Абдулхаким Шарий Жүзжани, Әшірбек Муминов, Четин Алаташ, Жораев Хусан, Сағидолла Жамалов, Әбдуссаттар Дербісәлі сынды тұлғаларды қысқаша атайды. Негізгі дереккөздері араб тілінде жазылған тазкира мен манақиб кітаптар екені баса айтылып, «Буғятут толаб», «Сиярул әлам», «Жауһаратул мудийа», «Таджут таражим», «Шәқаиқун нуғмания», «Кашфуз зунун», «Шазаратуз заһаб», «Фауаидул бахия», «Хадиятул Арифийн» және басқа да кітаптар туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Сондай-ақ бұл мақалада Хафизуддин Кердеридің туып-өскен жері мен уақыты, әкесі, ұстаздары, оқыған жері, «Әл жамиъул уәжиз», яғни фәтуаи баззозия сияқты еңбектері туралы мәліметтер берілген. Манақибул имам әл азам аби ханифа» және осы кітаптың құрамдас бөліктері және оның қолжазбасының және басқа да көшірмелерінің маңыздылығы, «Рисалату фий тахқиқи зікір жахри» және оның құрамдас бөліктері және оның қолжазбасы, «Мухтасар фий баяни тарифатил ахкам» және «Адабул қүззот» туралы мәліметтер берілген.


