PDF

Кілтті сөздер

тәпсір, мұсылман тәпсіршілері, ислам тәпсірлері, әл-Матуриди, Тә‘уилә әһли сүннет

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Р.К. Адыгамов, А. Альмухаметов, & Б.M. Мелисова. (2025). ӘБУ МАНСУР ӘЛ-МАТУРИДИДІҢ «ТӘУИЛӘТ ӘҺЛ ӘС-СУННА» ЕҢБЕГІНДЕГІ «ӘЛ-ФАТИХА» СҮРЕСІ ТӘПСІРІНДЕГІ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ПОЛЕМИКА. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(01). алынды https://www.journal.nmu.edu.kz/index.php/ris/article/view/18

Аңдатпа

Орталық Азияның атақты теологы Әбу Мансур әл-Матуридидің ілімі тек Орталық Азия мұсылмандарының ғана емес, сонымен қатар Ресей, Ауғанстан, Үндістан, Таяу Шығыс, Иран сүнниттерінің, тіпті кейбір еуропалық аймақтарда дүниетанымының қалыптасуында векторлық рөл атқарды. Осы орайда оны зерттеп, ғылыми айналымға енгізу – өте өзекті мәселе. Бұл мақалада «Та’уилә әһли сүннет» тәфсирінің жалпы әдістемесі де, оның қайнар көздері де, «әл-Фатиха» сүресін түсіндіру призмасы арқылы Әбу Мансур әл-Матуридидің идеяларын талдауға қатысты нақты мәселелер де қарастырылады. Бұл сүре тәпсірінің мазмұнын талдау автор өз түсіндірмесі ретінде қозғаған ислам құқығы мен кәлам мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Осы уақытқа дейін араб елдері мен Түркияның зерттеушілері бұл тәфсирді ғылыми өңдеуге талпыныс жасап үлгерді. Алайда бұрынғы КСРО республикаларының территориясында тұратын ханафи мұсылмандары үшін бұл еңбек олардың теологиялық дәстүрінің бір бөлігі болғанына қарамастан, аз зерттелген. Осыған байланысты оның зерттелуі, ғылыми айналымға енгізілуі және аудармасы өте маңызды.

PDF