Аңдатпа
Бұл зерттеу ислам құқығының маңызды мақсаты болып табылатын Отанды сақтау деген жаңа мәселені көтере отырып осындай маңызды мақсатқа назар аудармай, ешбір исламдық жүйенің өмір сүре алмайтынын көрсетеді. Адамдардың санасында фиқһ негіздері кітаптарында және басқа да кітаптарда айтылғандай бекітілген бес куллитят бар, одан ауытқуға да, қосуға да болмайды деген ұғым қалыптасқан. Алайда зерттей келе, біз бұл куллияттардың бұрынғы құрметті және салмақты ғұламалардың ижтиһадтары арқылы шығарылғанын және олардың ешқайсысы ижтиһад есігі жабық екендігі туралы және оларға ешқандай қосымша қосуға тыйым салынғандығы туралы ешнәрсе айтпағандығын көреміз. Бірак олардың атауы мен ретін өзгертуге болатынын көрсететін сілтемелер мен мәтіндердің болуы, сонымен қатар олардың саны мен толықтырылуы байқалады. Ижтиһадтың есігі ашық екені анық болды және ол Құран мен Сүннет мәтіндеріне сүйенуі керек, оларға қайшы келуге болмайды, бірақ оларды түсінуге және олардың жемісі мен пайдасын барлық ғасырға алуға тырысу керек. Демек, Отанды сақтау мәселесі Ислам әлемінде болып жатқан ішкі қақтығыстар мен
сыртқы арандатулар аясында маңызды және қажетті мақсаттардың бірі болып табылады, олардың мақсаты Отан мен дін арасында алауыздық тудыру, дінді сақтау үшін Отанды құрбан етуге итермелеу. Бұл – жалған сөз, оны оның салдары туралы білмейтін және діннің куллияттарын, оның жалпы мақсаттары мен өмірдегі биік міндеттерін түсінбейтін адамдар жасайды, әрі таратады.

